«Алматы — Мәскеу» бағытындағы вагондар Саратов станциясына дейін № 7/8 «Алматы — Саратов» пойызының құрамында жүреді. Саратовта вагондар № 85/86 «Дербент — Мәскеу» пойызына тіркеліп, Ресей астанасына дейін жетеді. Алматы-2 станциясынан жөнелту уақыты — 20:20.
Мәскеуден кері бағыттағы алғашқы пойыз 30 қазанда жолға шығады. Қозғалыс кестесіне сәйкес, 2025 жылғы 26–30 қазан аралығында пойыздар Алматы-2 станциясынан жұп күндері жөнелтіледі. 1 қарашадан 13 желтоқсанға дейін қозғалыс тақ күндері ұйымдастырылады.