СІМ Таиланд пен Камбоджа арасындағы бірлескен декларацияға қатысты мәлімдеме жасады

СІМ Таиланд пен Камбоджа арасындағы бірлескен декларацияға қатысты мәлімдеді. 

— Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2025 жылғы 25-28 қазанда Куала-Лумпурда өтіп жатқан Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) 47-ші саммиті аясында АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Малайзияның Премьер-министрі Анвар Ибрагимнің тікелей қатысуымен Таиланд Корольдігі мен Камбоджа Корольдігі арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бірлескен декларацияның қол қойылуын құптайды, — делінген хабарламада.