Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында жеке тұрғын үйдің аумағында құрылыс материалдары мен тұрмыстық заттар жанды.
ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуына жол бермей, тілсіз жауды қысқа мерзімде ауыздықтады.
Құтқарушылар өрт сөндіру барысында газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыстың алдын алды.
Өрт 100 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және тұрмыстық жабдықтарды пайдаланғанда абай болуға шақырады.