Энергетика саласына жасанды интеллект технологиялары енгізіледі, деп хабарлайды Astana TV.
Энергетика министрлігі осы салада ЖИ технологияларын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Отын-энергетика кешенінде жасанды интеллект енгізу жөніндегі акселерациялық топ құрылған. Оның құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кіреді.
«Параллельді түрде салада жасанды интеллект шешімдері бар жаһандық вендорлар мен ІТ-компаниялардан құралған AI-альянс құрылды. Отандық ІТ әзірлеушілерді қолдау мақсатында Энергетика министрлігі мен Astana Hub резиденттері арасында салаға жасанды интеллект шешімдерін бірлесіп апробациялау және енгізу жөніндегі меморандумдарға қол қойылды», - деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.
Энергетика министрлігі ЖИ технологияларын жүйелі түрде енгізу жұмысын жалғастырады.