Астанаға Финляндия Президенті келді

Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары. Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті.

Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.