Шетелдіктер террорлық шабуыл ұйымдастырмақ болған

Фото: жедел түсірілім/скриншот

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында террорлық шабуылдың жолын кесті, деп хабарлайды Astana TV.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінде бес шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актінің алдын алу операциясы сәтті жүргізілген. Барлық күдіктілер ұсталып, тергеу амалдары басталды.

Сонымен қатар, қыркүйек-қазан айларында терроризмді насихаттады деген күдікпен тағы 8 қазақстандық қамауға алынған. ҰҚК дерегінше, жыл басынан бері терроризм мен экстремизмге қатысты қылмыстар бойынша 89 адам жауапкершілікке тартылған. Олардың 6-ы — шетелдік азаматтар.