Қызылорда облысы Сырдария ауданында жас педагогтар арасында жыр мүшайрасы өтті

Қызылорда облысы Сырдария ауданында жас педагогтар сынға түсті. Олар бірінші кезеңде соғыс ардагері, майдангер ұстаз Шарапат Жансымақовтың ел игілігі үшін атқарған істері мен өнегелі өмірін өлеңдеріне арқау етті. Екінші кезеңде еркін тақырыптағы туындыларын ұсынды. Жыр мүшайрасында аудан мектептерінен 15 мұғалім өнерін ортаға салды. Жеңімпаздар мен арнайы жүлде иелеріне дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Шара «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды.

АҚТӨРЕ ИБРАГИМҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысының айтып жатқан рухани қоғамдық сананы жаңғырту бағытындағы бастамалары осындай жақсы іс-шараларды көптеп ұйымдастырудың арқасында жүзеге асады. Сондықтан осындай жақсы, игі іс-шараларды «AMANAT» партиясы аудандық филиалы алдағы уақытта да ұйымдастыратын болады.