Астанада ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған 2-дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтті. Бұл– тек спорттық шара емес, физикалық шектеулерге қарамастан адамды біріктіретін, өз дарынын көрсетуге мүмкіндік беретін сайыс.
ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:
Шексіз мүмкіндіктер әлемінің,мүмкіндігі шектеулі жандарға құшағы әрқашан ашық. Өйткені, адам рухының айбындылығын дәлелдейтін осынау халықаралық дода — жеңістің тек дене күшімен ғана өлшенбейтінін паш етті.Біз қазір ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған шахматтан 2-ші дүниежүзілік олимпиадасының марапттау сәтіндеміз.
Шахмат олимпиадасы – төрт ойыншыдан құралған командалық форматта өтті. Жарысқа 29 елден 34 команда қатысты.. Олар Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка құрлықтарын, сондай-ақ есту, көру және тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстары бар ойыншылардың халықаралық қауымдастықтарын таныстырады. Әр командада кемінде бір әйел ойыншы және қажет болған жағдайда екі FIDE рейтингтік ойыншы болады.
АНДРЕЙ ОБОДЧУК, FIDE-1 КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қарсыластарымыз өте мықты болды. Біз бүкіл жарыс барысында Польша құрамасымен бәсекелестік. Айта кету керек, олар физикалық тұрғыдан бізден әлдеқайда басым болды. Яғни, олардың арасында арбада отыратындар да, мүлде соқыр немесе мүлде керең адамдар да болған жоқ. Олар тіпті сау адамдар сияқты әсер қалдырды. Сондықтан біз үшін олармен жай ғана бәсекелесу емес, жеңіске жету өте маңызды болды.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған алғашқы шахмат олимпиадасы 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен. Ол кезде Польша командасы жеңімпаз атанып, Қазақстан 23-орын иеленген еді. 2025 жылы Астана бұл беделді турнирді қабылдап, спорттағы инклюзия мен тең мүмкіндіктер қағидаттарына адалдығын тағы да көрсетті.Қазақстан құрамалары арасында ең үздік нәтижені – 15-ші орынды Қазақстан-2 командасы көрсетті.
МАРАТ ЕСЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
Қазақстан шахмат федерациясы өз тарапынан біраз шаралар қабылдап соңғы жылдары әлемде қазақстан шахматшылары өз орынындарын алып алдыңғы қатарда келе жатыр.
Жарыс қорытындысымен FIDE-1 командасы жеңімпаз атанды. Польша – күміс, Израильден келген шахматшылар қола жүлдегер атанды. Ал тандасымыз Айғаным Қамбарова 5-ші тақтада алтын медаль жеңіп алды.