Қазақстан құрамасынан үш балуан жасөспірімдер Азиадасының финалына өтті

Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

28 қазанда Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында еркін және әйелдер күресінен жарыстар басталды, деп хабарлайды Astana TV.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалға жолдама алды.

Қыздар арасында 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сания Сұлтанғали жартылай финалда тайбэйлік Чао-ших Сяодан басым түсті.

61 келіге дейінгі салмақта Жайдар Мұқат жапон спортшысы Ваки Аваноны жеңді.

Ал ерлер арасында Бекасыл Асамбек шиеленіскен жартылай финалда ирандық Сейедтахи Хашемиді 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, финалдық белдесулер 28 қазан күні өтеді.