Алтын құны 4 мың доллардан түсіп кетті

Фото: pixabay.com

28 қазан, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, алтынның фьючерстік бағасы 3 919,59 доллар болып тұр, деп хабарлайды Astana TV.

Яғни тәуліктік төмендеу -2,49% немесе -100,11 доллар.

 

Ал соңғы бір аптада баға -4,81% төмендесе, бір айда 3,31%, 6 айда 17,6% қымбаттаған.

Бұл кейінгі апталардағы айтарлықтай үлкен құлдыраулардың бірі. Баға 4 000 доллар межесінен төмен түсті. Бұған доллардың күшеюі мен облигациялар табыстылығының артуы әсер еткен.