АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ақордаға келді

АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау Ақордаға келді.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.