«Шаруаларға субсидияны уақытылы бермеу созылмалы дертке айналды», - депутат

Шаруаларға субсидияны уақытылы бермеу созылмалы дертке айналды. Мәселен, биыл көзделген 87 млрд теңгенің тек 11 млрды нақты төленген. Үкімет резервінен 80 млрд теңге бөлінгенімен, оның небәрі 36 млрды игеріліпті. 2023 жылдан бастап субсидиялауға арналған шығындар жергілікті бюджеттерге берілді. Алайда олардың көбі -дотациялық. Сондықтан төлемдерді қамтамасыз ете алмай отыр. Нәтижесінде жаңа өтінімдер қаржыландырылмайды дейді депутаттар. Ал оның зардабын қарапайым фермерлер шегіп отыр.

МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Шешілмеген мәселені жергілікті бюджетке ысыра салуға болмайды. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мәселесіде өте өткір тұр. Фермерлер 6% деп жарияланған жеңілдетілген несиенің орнына, банктердің 22% және одан жоғары өсімін өтеуге мәжбүр.