Атырау облысында мүгедектігі бар балаға қол жұмсаған тәрбиеші жұмысынан уақытша шеттетілді

Атырау облысында мүгедектігі бар балаға қол жұмсаған тәрбиеші тергеуге байланысты жұмысынан уақытша шеттетілді.Бұл туралы оқиға болған Құрманғазы аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету  аумақтық орталығының басшысы айтты. {КСМ} Әлеуметтік желіге жарияланған видеода әйел адам ұл баланы бір емес, бірнеше рет  түйгіштегені анық көрінеді. Ал қасындағы әріптестері баланы қорғап, жұбатпақ түгілі   назар да аудармаған. Оқиға былтыр күзде болған. Ал баланың анасы бір жылдан соң ғана  арызданған. 7 жастағы бүлдіршіннің диагнозы - балалар аутизмі. Былтырдан жаздан бастап орталықтан қызмет алып жүр. Балаға қол көтерген тәрбиеші былтыр өз еркімен жұмыстан кетіп, биыл әдіскер қызметіне оралған.

БОЛАТ ЖҮГІНІСОВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР МЕН МҮГЕДЕКТЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АУМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

25 қыркүйек күні анасы келіп, осы видеоны маған көрсетті.  Сол кездегі болған тәрбиешіні шақырып, екеуін сөйлестіріп,  тәрбиеші тарапынан кешірім сұрады. Бірақ  анасы құқық қорғау органдарына беретіні жөнінде айтты. Болған жағдай,әрине, өкінішті.

Аталған орталықта  түрлі диагноздағы 26 бала ем қабылдайды. Қазір оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодекстің 140-бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

ІІ-топтағы мүгедектігі бар балаға тәрбиеші тарапынан  қол жұмсау дерегіне қатысы қылмыстық  іс тіркелді.  Алайда бұл  дерек 2024 жылы орын алған.  Полицияға тек 2025 жылдың 25-қыркүйегінде  арызданып отыр Қазіргі таңда сотқа дейінгі кешенді тергеу  амалдары жүргізілуде. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында  куәлар мен өзге де куәлардан  жауаптар алынуда.