Қызылордада оқушылар арасында «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалінің аумақтық кезеңі өтті

Қызылордада оқушылар арасында «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалінің аумақтық кезеңі өтті. Онда 10 мен 14 жас аралығындағы балалар бақ сынады. Қысқа қашықтыққа жүгіру, эстафета сынды түрлі сайыстар бойынша жарысты. Ал оза шыққан команда облыстық, республикалық кезеңге жолдама алады. Мұндағы мақсат мектеп қабырғасындағы  ерекше қажеттілігі бар жастарды қоғамға бейімдеу дейді ұйымдастырушылар. Шара «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында биыл екінші рет өткізілуде.

ГҮЛШАТ МҰСАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Мүмкіндігі ерекше жандардың, балалардың қоғамда өздерін өзгелермен теңдей сезіну, қолайлы орта жасау мақсатында туындаған ой болатын. Спортқа деген құлшыныстарын ояту, әрі қарай соны дамыту, содан кейін олардың да арасында қаншама чемпиондар, жеңімпаздар жүрген шығар. Соларға демеу жасау, күш беру.