Қарағандыда қазақ тілін дамыту бағытындағы үшжақты келісімге қол қойылды

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2025

Қарағандыда қазақ тілін дамытуға арналған үшжақты меморандумға қол қойылды. Келісімге облыс әкімдігі, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы және Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті қатысқан. Меморандум аясында 6-10 сынып оқушылары арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты облыстық байқау өтеді. Жеңімпазға университет гранты, ал ұстазына автокөлік сыйға беріледі. Бұл бастама мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтіп, жастардың рухани тәрбиесін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

ӘЛІБЕК ӘЛДЕНЕЙ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұлпар мініп, ту алған» жобасы өздеріңіз білетіндей биыл тілдер күніне жарияланып, бүгінгі күні 13 өңірімізден 4 мыңға жуық бала қатысып отыр. Бұл жоба аясында біз қатысып отырған балалардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін жалпы тілдік корпустағы тіл байлығын кеңейтуге бағытталса, екінші жағынан бұл жас ұрпақтың арасында патриоттық сезімді оятуға, Қазақстанның тарихын білуге арналған жоба.