Олжас Бектенов АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2025

Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. {Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ- пен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін және бұл кездесу екіжақты қатынастардың сауда-экономикалық әлеуетін одан әрі аша түсу үшін маңызды қадам болатынын айтты. Көлік-транзит саласындағы жаңа түйісу нүктелеріне назар аударылды. Энергетика секторында бірлескен жобалар шеңберінде озық технологияларды жаңғырту мен енгізудің маңыздылығы атап өтілді.