Мас күйінде көлік басқарды

Елордада полиция мас күйінде көлік жүргізу фактілерін тоқтатуды жалғастыруда.

Таңертеңгі уақытта Астана қаласының көшелерінің бірінде полицейлер тоқтау туралы талапты елемеген көлікті тоқтатты. Тексеру барысында рөлде 37 жастағы ер адамның отырғаны анықталды. Ол ешқашан жүргізуші куәлігін алмаған және медициналық сараптама оның мас күйінде болғанын көрсетті. Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал оның көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Полиция ескертеді: мас күйінде көлік басқару, әсіресе жүргізуші куәлігінсіз, жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жолдағы басқа адамдардың да өміріне үлкен қауіп төндіреді. Өз өміріңізді және өзгенің өмірін сақтаңыз!