Қарағанды облысында полицейлер заңсыз киік аулау дерегін анықтады

Қарағанды облысында полицейлер заңсыз киік аулау дерегін анықтады.

Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған республикалық "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Аталған іс-шараның басты мақсаты – жабайы табиғатты қорғау, браконьерлік әрекеттердің алдын алу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Операция барысында Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Шахтинск қалалық полиция бөлімінің криминалдық және патрульдік полицейлері бірлесіп рейд жүргізді. Тәртіп сақшылары рейд кезінде Nissan Safari көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында көліктің төбесінде орналасқан жүк салғыштан киікке ұқсас сойылған екі аң табылды. Жүргізушінің аң аулауға заңды рұқсат етілген құжаттары жоқ екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша полицейлер тарапынан тексеріс жүргізіп, қылмыстық іс қозғалды. Табиғатты қорғау – әр азаматтың борышы. "Браконьер" жедел іс-шарасы өңірде әлі де жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары тұрғындарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзу деректері туралы хабарлап, қоршаған ортаны сақтауға белсенді үлес қосуға шақырады.