Атырауда кеміргіш қаптап барады

Атырауда кеміргіш қаптап барады. Егеуқұйрық жертөле мен қоқыс алаңдарын қойып, үйге емін-еркін кіруді шығарған. Тұрғындар зиянкестердің адамнан қорықпайтынына алаңдап отыр. Сондықтан ауру ошағы таралып кетпеуі үшін  жергілікті билік жою жұмыстарын тезірек қолға алса,- дейді. Бірақ әкімдік те, эпидемиологтар да бұл жұмысқа еш қатысымыз жоқ,- деп бастарын ала қашып отыр.

Бұл - Тұрғын үй қалашығындағы пәтерлердің бірінен түсірілген. Кеміргіш үйде адам бар екеніне қарамастан алаңсыз аралап жүр. Ықшам аудан халқы балаларға зияны тие ме деп алаңдаулы. Олар егеуқұйрықтарды қоқыс алаңдары мен подъезден жиі көретінін айтады.  Бұл бір жағдай емес, жыл бойы санитарлық эпидемилогиялық қадағалау басқармасына қаладағы Вокзал маңы, Береке, Нұрсая ықшамауданы, Әуезов, Абай көшесі халқынан  12 шағым түскен. Эпидемиологтар кеміргіштерден ауру тарамаса, түк те істемейміз, ол қала әкімдігінің шаруасы,- дейді.

АЙГҮЛ ЫСҚАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кеміргіштерге байланысты жұқпалы аурулар таратылған жоқ. Тек қана жұқпалы ауру ошағы болған кезде  санитарлық -эпидемиологиялық қызмет экстренно жедел хабарлама бойынша, ошаққа барып, тапсырма, ұсыныс бере алады. Геротизация жоспардан тыс эпидемияға қарсы шараларды жүргізу жөнінде. Шараларды жергілікті атқарушы органдар жүргізу керек.  Жергілікті атқарушы орган тарапынан бұған қаржы бөлінуге тіиісті.

Ал қалалық әкімдік өкілдері кеміргіштермен күрес жұмысы біздің құзырымызға жатпайды,- деп отыр. Сондықтан жергілікті бюджеттен арнайы қаржы да бөлмейді. Тұрғын үйдегі зиянкестерді тұрғындармен бірге  пәтер иелері кооперативі мамандары улайды, ал қоқыстағы жағдайға тазалықшы компания жауапты,- деп жылы жапты.

ҒАСЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес,  көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері бар, кіреберіс, подъездері бар,солардың барлығы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарының жеке мүлкі болып есептелінгеннен кейін оларды дизенфекциялау, тазарту жұмыстары, дератизациялау жұмыстары, кеміргіш жәндіктерге қарсы улау жұмыстарның барлығын пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп,  атқарылуы тиіс.

Шаһарда бір мың екі жүз көп қабатты үй бар. Оның елуден астамында пәтер иелері кооперативі жоқ. Тиісті органдар бір-біріне сілтеп жүргенде, пәтер аралаған кемсіргіштерден жұқпалы ауру бұрқ етпесе болғаны.