«AMANAT» партиясы Қызылорда облысы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастырумен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Жиналғандар аудан орталығындағы «Достық» аллеясын ағаштардан түскен жапырақтар мен қоқыстан тазартты. Арықтарды аршып, талдардың түбін әктеді. Оған партия белсенділері мен ерікті жастар атсалысты. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
НҰРСҰЛТАН САПАРБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:
Негізгі мақсаты -жас ұрпақты, аудан тұрғындарын тазалыққа үндеу. Қоршаған ортаны қорғауға насихаттау және өз ауласын, өз ауданымызды көркейту жұмыстарына белсенді қатысуға шақыру.
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы өткізген «Таза бейсенбі» акциясы бүгін Сайрам ауданында жалғасты. Партия өкілдері Көлкент ауылдық округіне қарасты елдімекен маңындағы Ақтан ата және Көктан ата бұлақтарының басына барып, ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұлақ суының ағуына кедергі болған ағаш бұталарын қырқып, сай-саланың шөптерін аршыды.
ҚУАНЫШ СЫЗДЫҚОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Абылайхан алаңы бар Арыс өзенінің бойында. Оған да барамыз, оны да тазалаймыз. Өйткені ол біздің әулиелі тарихи жерлер. Сол тарихи жерлердің бәрін таза әдемі қылып ұстауымыз керек. Осы акцияны қолдауымыз керек.