Ақтөбе облысында 3811 бала жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім алып жатыр. Ал балабақшаларда 1641 бүлдіршін арнайы педагогикалық сүйемелдеу арқылы тәрбиеленуде. Колледждерде инклюзивті білім алып жүрген студенттердің саны 200 ге жуық. Мамандардың айтуынша, ерекше балаларға арналған жағдай жыл сайын жақсаруда. Мектептерде инклюзивті кабинеттер, ресурстық орталықтар ашылып, психолог, логопед және дефектолог мамандары жұмыс істейді. №84ші мектепте «инклюзивті балаларға арналған 3 кабинет бар. Онда 6 бала білім алады.
САЙРАМАЙ ЖҰРМАҒАМБЕТОВА, ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МАМАН:
Пән мұғалімдері өздерінің жаңағы күнделікті сабақ жоспарына сәйкес жеңілдетілген тапсырмалар беріп, ол оқушыларды ынталандыру мақсатында жұмыс жасайды. Бұл оқушыларды алдағы уақытта, алдағы жаңағы кезеңдерде жалпы мына ортаға бейімдеу мақсатында кластағы оқушылармен бірдей, тең тұлғалы мүмкіндігі бар оқушы ретінде біз ол оқушылармен жақсы жұмыс жасауға әлде де тырысамыз.