Алматыда халықаралық «TurkiCUP» жайдарман ойыны өтті

Алматыда түркі әлемінің  көңілді әрі тапқыр жастары бас қосып, «TurkiCUP» халықаралық Жайдарман ойынында өзара бақ сынады. Бұл — бауырлас халықтардың мәдени байланысын нығайтып, ортақ тіл мен әзіл арқылы достықты дәріптеуді мақсат еткен ерекше жоба. Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы халықаралық бастамасы аясында ұйымдастырылған ойын – жай ғана әзіл додасы ғана емес, бірлік пен шығармашылықтың мерекесіне айналды.

ЯСИН КЫРМЫЗЫ, ТҮРКИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

19 жыл бұрын осы жерден кеткенмін. Өзімнің туып өскен жерім Түркия. Түркітілдес халықтарының бірігіп ойын жасайық деген соң соған арнайы осы жерге келдік. Біз ойнаған кезімізде 2001,2002,2003-те туылмаған адамдар бар. Сол себепті жастармен ойнаймыз. Ұтамыз ау.

Ұлттар арасындағы достықты нығайтқан ойынға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қарақалпақстаннан келген 11 команда қатысты. Ал, кештің көркін келтірген қазылар алқасында өнер мен әзіл әлемінің танымал тұлғалары төрелік етті.

ЕСЕН ЕЛЕУКЕН, "ЖАЙДАРМАН" ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Алматы қаласы -бұл түркі елдерінің жастарының астанасы. Сондықтан да бүгін қатысатын командалардың барлығы әр елдердің сол жердің қалаларының командалары. Бұл жерде бір елдің құрамасы емес мысалы Қырғызстаннан екі команда, әр елдің Қазақстанның өзінен 6 қаланың командалары қатысайын деп жатыр.