Бүгін жаңбыр жауып, тұман түседі

Фото: pixabay.com

31 қазанда еліміздің орталығы мен солтүстігінде кей жерлерде жаңбыр жауып, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс, солтүстік және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі, солтүстік, орталық және таулы өңірлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Astana TV.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2–4, күндіз 13–15 градус жылы.

Ақмола облысында күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с соғады, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1–6, күндіз 10–15 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 5–10 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 0–5 градус аяз, облыстың батысында 3 градус жылы, күндіз 10–15 градус жылы.

Қостанай облысында түнде батысында аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түседі, күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с соғады, күндіз батысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0–5, күндіз 10–15, облыстың батысында 6 градус жылы.

Павлодар облысында күндіз облыстың батысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9–14 м/с, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін, шығысында 5 аяз, батысында 6 жылы, күндіз 13–18, шығысында 10 градус жылы.

Қарағанды облысында күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9–14 м/с соғады, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 аяздан 3 жылыға дейін, батысы мен оңтүстігінде 6 жылы, күндіз 13–18, солтүстігінде 10 градус жылы.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с, күндіз оңтүстік-шығысында екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3 аяздан 2 жылылыққа дейін, солтүстігі мен шығысында 6 аяз, күндіз 12–17, шығысы мен оңтүстігінде 7 жылы.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, таңертең және күндіз оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0–5 аяз, оңтүстігінде 3 жылы, күндіз 12–17, оңтүстігінде 20, шығысында 9 жылы.

Абай облысында түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі, күндіз орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып, 9–14 м/с, күндіз орталығы мен солтүстігінде 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5–10, күндіз 11–16, оңтүстігінде 19 градус жылы.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, Алакөл көлдері маңында екпіні 15–20, күндіз кейде 23–28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3–8 жылы, орталығында 2 градус үсік, таулы аудандарда 0–5 аяз, күндіз 17–22, тауларда 12 градус жылы.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 7–9, күндіз 19–21 градус жылы.

Жетісу облысында күндіз жаңбыр, күннің соңында таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан түнде 8–13 м/с соғады, күндіз 15–20, солтүстігі мен таулы асуларда екпіні 23–28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7–12, солтүстігі мен тауларда 4, күндіз 20–25, солтүстігі мен тауларда 16 градус жылы.

Жамбыл облысында күндіз батысында және таулы аудандарында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең оңтүстігі мен тауларда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және тауларда екпіні 15–20, күндіз 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4–9, тауларда 1, күндіз 20–25, тауларда 15 градус жылы.

Қызылорда облысында түнде батысында және солтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып, күндіз екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7–9, күндіз 14–16 градус жылы.

Түркістан облысында түнде солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысында және солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 0–5, күндіз 7–12 градус жылы.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 8–13 м/с соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8–10, күндіз 22–24 жылы.

Түркістан қаласында көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 8–13 м/с соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7–9, күндіз 21–23 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 3–8, күндіз 9–14 градус жылы.

Атырау облысында батысында және солтүстігінде жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 8–13, солтүстігінде 5, күндіз 12–17, оңтүстігінде 20 градус жылы.

Маңғыстау облысында түнде жаңбыр жауады, күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9–14 м/с соғады, күндіз солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3–8, күндіз 7–12 градус жылы.

Ақтөбе облысында батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні батысы, солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1–6, оңтүстігінде 9, күндіз 5–10, оңтүстігінде 13 градус жылы.