Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Фото: ortcom.kz

1991 жылдан бері елге 1 млн 159 мың этникалық қазақ көшіп келген, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл халықтың шамамен 6% құрайды. 2025 жылы қандас мәртебесін 11 мың адам алды. Этникалық қазақтардың қоныстандыру аймақтарына көшуінде оң динамика байқалады, яғни 2025 жылы жалпы елге келгендердің 23%-ы құрайды.

«Қандастардың бейімделу тиімділігін арттыру және бейімделу жағдайларын жақсарту мақсатында мынадай шаралар жүзеге асырылуда: қандас мәртебесін ұзарту тәртібі жеңілдетілді, өңірлерде қандастарды жұмыспен қамту және бейімдеу жөніндегі бағдарламалар бекітілді. Сонымен қатар, Қазақстанға кіруді, тұруды және интеграциялауды жеңілдетуге бағытталған «Ата жолы» картасының иелерін ынталандыру шаралары пысықталуда», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Аскарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.