Ұлыбритания королі інісін барлық атағы мен резиденциясынан айырды

Фото: ашық дереккөзден

Букингем сарайы ресми түрде ханзада Эндрю Маунтбеттен-Виндзордың барлық корольдік титулдарынан айырылғанын және Royal Lodge резиденциясынан кетуге мәжбүр болатынын хабарлады.

Ресми құжатқа сәйкес, енді ол жай ғана Эндрю Маунтбеттен-Виндзор деп аталады.

Сарай өкілдері бұл шешімнің монархия беделін қорғау және қоғам сенімін қалпына келтіру мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Эндрюдің есімі америкалық миллиардер Джеффри Эпштейн, сондай-ақ Гислейн Максвелл мен Харви Вайнштейнмен байланысты атышулы істерде жиі аталып, қоғам тарапынан үлкен сынға ұшыраған еді.