Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушысы Саят Пішенбаев өз өмірін қатерге тіге отырып, 14-қабаттан секірмек болған қызды аман алып қалды.
Оқиға 30 қазан күні «Алмалы» тұрғын үй кешенінде болған. Қыз пәтер терезесінен шығып, парапетке отырған сәтте ТЖД қызметкерлері көршілес пәтердің терезесі арқылы әрекет етуге мәжбүр болды. Құтқару сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде кеңінен таралды.
1 қарашада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов батыл әрекет иесін марапаттап, Саят Пішенбаевқа Құрмет грамотасы мен бағалы сыйлық табыстады.