Қазақстандықтар енді жедел жәрдемнің қайда келе жатқанын бақылай алады

фото: Бақытгүл Бурбаева

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем бригадаларын нақты уақытта бақылау жүйесін енгізіп жатыр,-деп хабарлайды Astana TV.

Қызмет Астанада тестілік режимде іске қосылған.

Шақыртудан кейін азамат SMS немесе YandexGo push-хабарлама арқылы карта сілтемесін алады. Одан жедел жәрдемнің қозғалысын онлайн көруге болады.