Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді

фото: gov.kz

ҚР ТЖМ мәліметінше, Астана уақытымен 3 қараша күні сағат 01:29-да Ауғанстан аумағында магнитудасы 6.2 жер сілкінісі тіркелді.

Дүмпу Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1079 км қашықтықта болған.

Жер сілкінісі Түркістан облысының Мырзакент, Жетісай және Шардара қалаларында 2 балл шамасында сезілді.