Қытайда қатерлі ісікті анықтайтын ЖИ іске қосылды

Гуанчжоу ауруханасында жасанды интеллект негізіндегі жаңа модель жасалды. Ол жасушалардағы генетикалық мутацияларды бір минут ішінде тауып, қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Жоба авторлары бағдарламаны жасап шықпас бұрын 9 мың үлгіні зерттеген. Нәтижесінде оның дәлдігі 80-90 пайызды құраған.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, дәстүрлі генетикалық тексерудің орташа құны 3 мың доллардан асады. Ал жаңа компьютерлік модельмен анықтау тез әрі қолжетімді,-деп хабарлайды 24.kz.