Қызылордада бүлдіршін 4 см бұрамашегені жұтып қойған

фото: pixabay

Дәрігерлер 2 жасар балаға күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды,-деп хабарлайды Astana TV.

Істік темір өңештен өтіп, ішекке барып тірелген. Абырой болғанда, баланың ағзасына ауыр зақым келмеген. Мамандардың айтуынша, «бұрамашеге терісінен түскен», сондықтан ішкі жарақат болмаған.

Ата-анасы дер кезінде ауруханаға жеткізген соң, хирургтер шұғыл ота жасап, темірді алып шыққан. Қазір баланың жағдайы жақсы.