Журналист Жұрағат Баман «Қазақстан» телерадиокорпорациясының аймақтық «Saryarqa» телеарнасының директоры болып тағайындалды.
Жұрағат Баман 1988 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Телевизиядағы еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Арнайы жобалар бөлімінің редакторы ретінде бастаған. Әр жылдары «Хабар», «Хабар 24» телеарналарында тілші, шығарушы редактор, Бас редактор қызметтерін, «Астана» телеарнасында Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар директоры қызметін атқарды.
Бұған дейін «Saryarqa» телеарнасын 20 жыл уақыт басқарған Берік Дүйсетаевқа Корпорацияның дамуына қосқан қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіреміз.