Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

Фото: depositphotos.com

Биыл елімізде заңсыз лотерея және ұтыс ойындарын ұйымдастырған 89 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-деп хабарлайды Astana TV.

Министрліктің мәліметінше, құқық бұзушылықтар мониторинг және азаматтардан түскен өтініштер негізінде анықталған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, лотерея операторы болып табылмайтын тұлға лотерея ұйымдастырса:

 жеке тұлғаларға — 100 АЕК,
 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (жеке кәсіпкерлер) — 300 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Биылдың өзінде заңсыз ұтыс ойындарын өткізгендерге 40 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.