Қызылордада көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кетті

Қызылорда облысы Алғабас ауылында жеңіл көлік көкпар кезінде жылқыларды  қағып кеткен. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан көліктің топ шабондардың арасына кіріп, жылқыларға соққанын аңғаруға болады. Жүргізуші құлап жатқан шабондозға да мән бермей, әрі қарай әрекетін жалғастырған. Полиция «Бұзақылық» дерегі бойынша іс қозғаған. Көлік жүргізушісі анықталды. Көкпарды кент тұрғыны ұйымдастырған көрінеді. Алайда құзырлы орындарға шараның өтетіні туралы ешқандай хабарлама берілмеген.

ЕРМАХАН ӘБДРАМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сотқа дейінгі тергеп тексеру аясында оқиға қатысқан барлық тұлғалардың, соның ішінде  іс-шараны ұйымдастырушылардың ісіне құқықтық баға берілетін болады. Естеріңізге саламыз, кез-келген спорттық- бұқаралық немесе мәдени-бұқаралық шараларды өткізген кезде уәкілетті органдарды алдын ала хабардар ету қажет. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.