Алматыда көлік ұрлау дерегі тыйылмай тұр

Алматыда көлік ұрлау дерегі тыйылмай тұр. Мегаполисте  темір тұлпар жиі қолды болады. Ішкі істер министрлігі автокөлік ұрлығы көп кездесетін аймақтарды атады. Көш басында Алматы, одан кейінгі орында Қостанай тұр. Министрлік дерегінше, биыл ұрланған көліктердің 75 пайызы ашылған. Тек 12 көліктің орналасқан жері анықталмапты.  Десе де, тәртіп сақшылары іздеу жұмыстары күшейтілгенін айтады.  Ең көп ұрланатын автокөліктер тізімінде LEXUS, TOYOTA, KIA BMW маркалары көш бастайды. Мысалы, бір ғана Павлодардың өзінде биыл 36 көлік қолды болған. Қылмыстың басым көпшілігі ізі суымай ашылды.  Ресми  мәліметке сүйенсек, елімізде көлік ұрлығы жыл санап азайып келеді. Бұған заманауи көліктердің GPS құрылғыларымен жабдықталуы үлкен көмек болып отыр. Бұндай темір тұлпарлар жоғалса, тұрған жерін анықтау қиындық туғызбайды.