Нью-Йорк мэрына үміткер Зоран Момдани Трапты тепкілеуге үндеді

Дональд Трампқа қарсы күш қолданайық. Нью-Йорк мэрына үміткер Зоран Момдани жақтастарына осылай деді. Саясаткердің айтуынша, оны жеңудің басқа амалы жоқ. Трамп болса, өзі Нигерияға қарсы күш қолданып, соғыс ашуы мүмкін. Себебі, ол елде христиандардың геноциді болып жатыр, бұны тоқтату керек, - дейді АҚШ Президенті. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трампты немесе жақтастарын көрсек, таяқ ала жүгіріп, текпілеу керек. Солай ғана жеңе аламыз. Ол тек Нью-Йорк үшін емес бүкіл Америка үшін қауіпті. Қала мэры болуға үміткер Зоран Момдани осылай деді. Қазір, қалада сайлауалды науқан қызу жүріп жатыр.

ЗОРАН МОМДАНИ, НЬЮ-ЙОРК МЭРЫНА ҮМІТКЕР:

Трамп ойына келген нәрсені айта береді. Өкінішке қарай, федералды әкімшілік те оған қарсы шығып жатқан жоқ. Оның көптеген шешімдері қабылданып жатыр. Сондықтан, ол – қауіпті адам. Оған демократия емес, білектің күшін қолданудан басқа амал қалмады. Өзі секілді есуас жақтастары да жетерлік. Сондықтан, жалғыз амал жеп білемін.

Трамптың өзі болса, Нигарияға әскер кіргізуді ойластырып жүр. Бұл туралы ашық айтты. Себебі, Африканың ең үлкен елінде мұсылмандар христиандарды қойдай қырып жатыр, - дейді АҚШ Президенті.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Иә, бұндай мүмкіндікті жоққа шығара алмаймын. Себебі, христиандардың өлімі рекордтық көрсеткіштерге жетті. Жалпы, әлемнің бұл бөлігі өте нашар дер едім. Бұның жалғасуына жол бере алмаймын.

Трамп ойына келгенше өзге мемлекеттерге тариф енгізе алмай қалуы мүмкін. Себебі, бұл мәселе Жоғарғы Сотта қаралып жатыр. Ақ үй басшысы да қарап қалмай, өзі жауап беруші ретінде сот процессіне тікелей атсалыспақ.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әр елмен сауда-саттықты жеке қарастыру керек. Себебі, біздің мүддемізге ғана емес Ұлттық қауіпсіздігімізге де нұқсан келтіреді. Бұл соттың шешімі тікелей еліміздің әл-ауқатына әсер етеді.

Ауғанстрандағы жер сілкінісінде қаза тапқандардың саны 27 адамға жетті. Тағы 830 адам ауыр жарақаттанған. Зілзала эпицентрі ірі 500 мыңнан астам тұрғыны бар Мазари-Шариф қаласында болған.