Ақтөбедегі жаңа көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасы жарылып тұр. Әсіресе, жоғарғы қабаттарда айқын көрінеді. Тұрғындар «бір күні опырылып құласа, кім жауап береді?» деп дабыл қағуда.
Мұнда 2 бөлмелі пәтердің құны 20 млн теңгеден асады, кең төрт бөлмелісі-40 миллион теңгеге жетеді. Тұрғындардың дені ипотекамен алған. Тірнектеп жиғанын баспанаға құйған жұрт енді қуаныш емес, үйреймен өмір сүруде.
ОРЫНГҮЛ МАЙАСАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Үйдің сапасыз кірпіштері, нақты стандартқа сай салмаған, бір жерінде силикат, бір жерінде шлакоблок.Араластырып арасындағы растворы да дұрыс емес.Біз өзіміз эксперттер шақырдық. Бұған кім жауап береді бізге?
Тұрғындарды жертөле жағдайы да алаңдатады. Күз бен көктемде төменгі қабат суға толады. Суағар да, арық та жоқ. Жаңбыр жауса суға батамыз, дейді.
ҚАЙРАТ ҚҰЛБАТЫРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Үйді алған кезде мына подвалда су толып тұрды. Мен айттым: Бұл қалай? Енді не болса да айналасы дұрыс болмаған, бітелмеген сияқты. Тесік тауып алып кіріп тұр.
Сарапшылар құрылыс материалдарының сапасыз әрі стандартқа сай емес екенін растаған. Егер уақытында шара қолданылмаса, тұрғындарға қауіп төнуі мүмкін. Құрылыс компаниясының «Реттейміз, бәрін түзетеміз» дегеніне де 1 жыл болыпты. Әлі нәтиже жоқ. Ал жардағы жарық күннен күнге ұлғайып барады.
СЕРІК ӘБДІРШОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Тексеру нәтижесі бойынша тапсырыс берушіге қосымша ұсыным берілді. Толық арнайы бітіріп, жұмыстарын толық көлемде бітіруі үшін.Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 15-не дейін бітіруі керек.
Бірақ уақыт созылған сайын қабырғадағы жарық ұлғайып барады. Тұрғындар енді прокуратураға, төтенше жағдайлар қызметіне, одан әрі сотқа жүгінбек.