Футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету қажет. Бірақ бұл іс нәтижелі болуы үшін нақты талап қойылуы тиіс, дейді сала мамандары. Бүгінде еліміздегі төрт футбол клубы кәсіпкерлердің иелігінде. Осыны алға тосқан мемлекет басшысы футболды коммерцияландыруды тапсырды. Яғни, кәсіби спорт табысы қомақты бизнес-индустрияға айналуы тиіс. Ал сала мамандарының айтуынша, бұл күрделі іс кешенді түрде жүргізілгені жөн. Алдымен спортшылар жаттығатын дербес стадион секілді базалық инфрақұрылым мен логистика мәселесі ескерілуі тиіс. Еуропаны мойындатқан Дастан Сәтбаевтың ізін басар жаңа буынды тәрбиелеп шығару да маңызды іс. Осыны нақты талап еткенде ғана қазақ футболы нәтиже берер бизнес-жобаға айналмақ.
МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ, "ОРАЛ" СПОРТ КЛУБЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Футбол клубтарын жекешелендіру - дұрыс бағыт. Жекешелендіруге айналдыру үшін біздің бизнес өкілдері, кәсіпкерлер тарапынан өздерінің ұсынысы болуы керек. Ұзақ мерзімді проект ретінде қарайтын болса, ары қарай жұмыс жасау керек болса, оның резерві болуы керек. Мемлекеттік қолдау да қажет болады. Себебі бәріміз айтып жатырмыз Еуропада жеке-жеке деп. Бірақ Еуропаның қай елі болмасын, енді негізгі бюджетінен бөлек, мемлекеттен субсидия бөлінеді.