АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Дик Чейни қайтыс болды

фото: Reuters

84 жасында АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Дик (Ричард) Чейни дүниеден өтті,-деп хабарлайды Astana TV  BBC -ге сілтеме жасап. 

2001 жылдан 2009 жылға дейін Дик Чейни АҚШ президенті Джордж Буш (кіші) әкімшілігінде вице-президент қызметін атқарды.
Ал 1980 жылдардың соңында Джордж Буш (аға) президент болған тұста Чейни Қорғаныс министрлігін басқарған.

Дик Чейни АҚШ-тың Республикалық партиясындағы ең ықпалды саясаткерлердің бірі және 2000-жылдардағы америкалық президент әкімшілігінің ең беделді мүшелерінің бірі саналды.

Бұған дейін ол бизнес саласында да еңбек етіп, америкалық қорғаныс компаниясы Halliburton директорлар кеңесін басқарған.