«AMANAT» партиясының «Tomiris» әйелдер көшбасшылығын дамыту жобасының IV легі басталды

Астанада еліміздің барлық өңірінен келген 60 белсенді әйел «AMANAT» партиясының «Tomiris» әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту жобасы аясындағы оқу курстарын бастады. Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек әйелдердің қоғамдағы рөлі артып, олардың ел өміріндегі шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, ел халқының 51 пайызын әйелдер құраса, «AMANAT» партиясында олардың үлесі 62 пайызға жеткен. Сондай-ақ партияның Әйелдер қанатының бастамасымен зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заң әзірленіп, гендерлік квота енгізілді.

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген басымдықтардың бірі, ол - әйелдер және отбасылық саясатты қолдау. Осы орайда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саясатын толық жалғастырып келеді. Онымен қоса, Қазақстан гендерлік теңдік жөніндегі негізгі халықаралық заңдар мен конвенсиялардың қатысушысы болып табылады.