Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Фото: қала әкімдігі

Астанада бір тәулік ішінде мың текше метрден астам қар тазаланды. 

4 қараша күні қала аумағынан мың текше метрден астам, яғни 86 жүк көлігі қар шығарылған.

5 қарашаға қараған түні қар күреу жұмысына 374 арнайы техника мен 234 жол жұмысшысы қатысқан.

Ең алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік жүретін бағыттар тазаланады. Кейін тазалау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі.