Қазақстанда көне кітаптарды қалпына келтіруде қағаз құю әдісі енгізілді

Фото: pixabay

Көне кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру үшін қолмен қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізілді. Бұл тәсілді Ұлттық орталық мамандары қолдануда,-деп хабарлайды Astana TV.

Реставрация кезінде қағаз қалдықтары қайта өңделіп, табиғи талшықтардан дайындалған масса арқылы жаңа парақтар құйылады. XIII–XIV ғасырлардағы дәстүрлі қағаз жасау технологиясына негізделген бұл әдіс ұлттық мұраны сақтаудың заманауи тетігі.