Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы 4-турдың алғашқы тоғыз ойыны аяқталып, матч үздіктері (POTM) ресми түрде жарияланды,-деп жазады aladop.kz.
"Slavia Praha” 0–3 "Arsenal"
Матчтың үздігі: Микель Мерино
Арсеналдың жартылай қорғаушысы екі гол соғып, 11,5 км жүгіріп, команданың сенімді жеңісіне негіз болды. Пас дәлдігі – 73%. Испан ойыншысы “Зеңбірекшілердің" ойынын басқарған басты тұлға атанды.
"Napoli" 0–0 "Eintracht Frankfurt"
Матчтың үздігі: Робин Кох
Қорғаныс шебіндегі сенімді ойынымен ерекшеленген Неміс қорғаушысы 2 рет допты тартып алып, 10 рет қарсыластың шабуылын үзіп, 10,8 км қашықтық жүгірді. Нәтижесінде "Айнтрахт" Неапольден бір ұпай алып қайтты.
"Atlético Madrid” 3–1 "Union Saint-Gilloise"
Матчтың үздігі: Джулиано Симеоне
Бапкер Диего Симеоненің ұлы өз командасының шабуылын алға сүйреп, бір нәтижелі пас берді. 10,7 км жүгіріп, матч бойы жоғары қарқын көрсетті.
"Bodø/Glimt" 0–1 "Monaco"
Матчтың үздігі: Фоларин Балогун
Монаколық шабуылшы суық Норвегияда жалғыз шешуші голды соғып, командасына жеңіс сыйлады. Бар болғаны екі соққы жасағанымен, біреуі нәтиже берді.
"Juventus" 1–1 "Sporting CP"
Матчтың үздігі: Педру Гонсалвеш
Португалдық жартылай қорғаушы матчтың ең белсенді ойыншыларының бірі болды – 9,8 км жүгіріп, допты сенімді тарата білді (пас дәлдігі – 75%).
"Liverpool" 1–0 "Real Madrid"
Матчтың үздігі: Алексис Мак Аллистер
Аргентиналық ойыншы жалғыз әрі шешуші голдың авторы атанды. Пас дәлдігі – 94%, ортада мүлтіксіз ойын көрсетті.
"Olympiacos” 1–1 "PSV Eindhoven"
Матчтың үздігі: Гелсон Мартинш
Португалдық вингер қарсыластың қорғанысын бірнеше рет қыспаққа алып, бір гол соқты және 6 рет қақпаға соққы жасады. 11,1 км жүгіріп, "Олимпиакостың” негізгі қозғаушы күші болды.
"Paris Saint-Germain” 1–2 "Bayern München"
Матчтың үздігі: Мануэль Нойер
Қолғап шебері өз қақпасын 8 рет құтқарып, "Баварияның” сырт алаңдағы жеңісін сақтап қалды.
"Tottenham" 4–0 "Copenhagen"
Матчтың үздігі: Хави Симонс
Нидерланд ойыншысы шабуыл шебінде ерекше ойнап, бір нәтижелі пас беріп, 86% дәл пас көрсетті.
Бүгін түнде турдың қалған ойындары өтеді. Алматылық “Қайрат” атақты Сан-Сиро стадионында “Интен Миланмен” кездеспек. Матч Астана уақытымен 01:00-де басталады.