Ауа райының қолайсыздығына байланысты елімізде стратегиялық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды,-деп хабарлайды Astana TV.
Мысалы, «Қытай шекарасы – Майқапшагай –Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы» бағытындағы барлық көлік түрлері үшін жабық.
Бұл шектеу боран, көктайғақ және көріну төмендеуі жағдайында енгізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі шектеу алынғанға дейін осы бағытқа шықпау керегін ескертеді.