Енді бетінде туа біткен ерекшелігі бар балаларға ота мемлекет есебінен жасалады

фото: pixabay

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты,-деп хабарлайды Astana TV.

«Енді бетінде туа біткен ақауы бар балалар — ірі гемангиомалар, тамырлық мальформациялар және басқа да айқын бұзылыстары барлар — реконструктивті-косметикалық оталарды мемлекет есебінен ала алады», – деді депутат.

Бұған дейін мұндай оталар эстетикалық деп саналып, мемлекет тарапынан қаржыландырылмаған еді. Енді мемлекет олардың құнын өтеп, балалардың денсаулығын қалпына келтіруге және өмір сапасын арттыруға көмектесетін болады.