Жіті респираторлық вирусты инфекция жұқтырғандардың дені-бала

фото: pixabay

Қызылорда облысында биыл эпидмаусым басталғалы жіті респираторлық вирусты инфекцияның 11 606 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегіден 12% аз.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарлағандай, ауруға шалдыққандардың 61%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар, 1,6%-ы – жүкті әйелдер. Науқастардың 5%-ы ауруханаға жатып, ем алды.

- 239 науқастың сынамасы ПЦР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде оның 35-і А типті тұмау екені анықталды. 202 сынама зерттеу жүргізу барысында тұмау санатына жатпайтын 7 вирус анықталды, оның 1-і – аденовирус, 6-ы – риновирус. 2025-2026 жылдардағы эпидмаусымға 85 006 доза вакцина сатып алынды. Бүгінгі күні 84 мыңға жуық тиісті конитингентке тұмауға қарсы вакцина салынды. Соның 23,5 мыңға жуығы – балалар, - деді департамент басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.