Атырау облысында жанар-жанар май бекетінде өрт болды

Атырау облысында жанар-жанар май бекетінде өрт болды. Салдарынан бір жұмысшы жарақаттанды. Резервуарға бензин құю кезінде өрт шығып, лаулап, көліктің артқы дөңгелегін шарпыған. Көлікте 30 тонна бензин болған. Абырой болғанда, жедел түрде жеткен төтеншеліктер отты  сөндіріп үлгерген. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр. 

АСЛАН ЗАКРАИЛОВ. ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жұмысшысы өзі сол резервуарға бензинді құю кезінде түтігінен от шарпып одан автокөліктің дөңгелегі арқылы жанып кеткен. Өрт салдарынан  жанар-жағар май бекетінің  жұмысшысы қолынан 7 пайыз күйік алып,  Жылыой аудандық орталық емханасына жеткізілді.  

Айта кетейік, Құлсары қаласында биыл мамыр айына газ құю бекеті жарылып, 2 адам қаза тапқан еді. Төтеншеліктер  осы оқиғадан соң аймақтағы 300-ге тарта бекетті тексеріп шыққан. 3  газ құю бекеті жұмысын уақытша тоқтатып, тағы бірнеше кәсіпкерге заңбұзушылық бойынша ескерту берілген.