Елде бір аптада 106 мыңнан астам адам вирус жұқтырған

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2025

Елде бір аптада 106 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелді. Қыркүйектен бері 1,1 миллионнан астам адам жедел респираторлық-вирустық инфекция жұқтырған. Ауырғандардың дені- бала. А типті тұмаудың да 45 жағдайы расталған. Қазір стационарларда жеті мыңнан астам науқас емделуде. Мамандар көрсеткіш былтырға қарағанда төмен дейді. Оған  екпе салдырушылар санының  артқаны себеп. Биыл 1 млн 700 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе алған.

АЙГҮЛ КАТРЕНОВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал Қазақстан аумағында күз, қыс, маусымына тән эпидемиологиялық шеңберінде дамып келеді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап республикада 1 128 140 ЖРВИ жағдайы түркелді. Бұл өткен 2024-25 эпидемиологиялық маусымның осындай кезеңімен салыстырғанда 20% төмен.