Ішкі саясат саласында барлық жұмыстарды жүйелейтін тұжырымдамалық құжат әзірленді. Ол мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп қана қоймай, қоғамға ішкі саясаттың мәнін және елдің болашақтағы бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның пікірінше, құжат елдің идеологиялық бағытын айқындап, ішкі саясаттағы жұмыстарды бір жүйеге келтіреді.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
Ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеп, үйлестіруді көздейтін құжат бірінші кезекте мемлекеттік органдарға арналған. Сонымен қатар бұл қоғамға жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың идеялық мәнін және еліміздің болашақтағы бейнесінің айқын бағытын түсінуге мүмкіндік береді.