Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-Министрі Александр Турчин екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселесін талқылады. Тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық индустрия және жасанды интеллект, көлік пен логистика, туризм және денсаулық сақтау салаларында өзара іс-қимылды нығайтуға келісті. Кездесу қорытындысы бойынша 2026–2028 жылдарға арналған бірқатар жол карталары мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.