Елімізде жер қойнауын барлауға жаңа мүмкіндік берілді

Енді елімізде мұнай-газ өндіру үшін жер қойнауын 5 мың метрге дейін тереңдетіп қазуға рұқсат етіледі. Бұл Қазақстан қорын ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Депутаттар бастамашы болған заң жобасы көмірсутекті барлау мен өндіруге инвестиция тартуға, уран өнеркәсібінде мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған. Құжатты екінші оқылымға дайындау кезінде ережеге бірқатар түзету енгізді.

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа технологияларды пайдаланып, мұнай бергіштік әдістерді қолдану арқылы мұнайды игеру көлемін көбейтетін болса комнаиялар, оларға бір жеңілдік беру. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасалған дүние. Себебі біз осы салада да заманауи технологияны қолдануымыз керек. Соған ынталандырып жатырмыз.